Elantra : Қауіпсіздігі | Седан | Hyundai Қазақстан

  • Үйге
  • Модельдік қатар
  • ELANTRA 2020
  • Қауіпсіздігі
  • elantra-safety-kv

    Су жаңа
    ELANTRA

Hyundai SmartSense

  • Elantra превентивтік қауіпсіздіктің интеллектуалды жүйелерімен жабдықталған жаңа моделдері автокөліктердің жүріс сапасының жаңа стандартын қалыптастырады.

Фронтальды соқтығысуды ескерту ассистенті (FCA)

  • Егер алда келе жатқан көлік кенеттен жүрісін баяулата бастаса немесе, мысалы, тоқтап тұрған көлікпен немесе алда келе жатқан жаяу жүргіншімен соқтығысу қаупі байқалса, жүйе жүргізушіні екертеді. Ескертуден кейін, егер соқтығысу қаупі жоғарыласа, жүйе жедел тежеуді автоматты түрде іске қосады. Егер қозғалыс кезінде велосипедшімен соқтығысу қаупі болса, жүйе автоматты түрде жедел тежеуді іске қосады.

Соқыр аймақтарды бақылау жүйесі (BCW)

  • Қозғалыс жолағын ауыстырмас бұрын бұрылу көрсеткішін қосқаннан кейін ассистент жанынан немесе артынан жақындап келе жатқан автомобильді анықтайды және тиісті ескерту береді. Ескерту жасағаннан кейін, егер соқтығысу қаупі жоғарыласа, жүйе автоматты түрде соқтығысуды болдырмауға көмектеседі.

Интеллектуалды круиз-бақылау (SCC)

  • Интеллектуалды круиз-бақылау алда келе жатқан автомобильге дейінгі қашықтықты сақтауға және жүргізуші белгілеген жылдамдықпен қозғалуға көмектеседі. Автомобиль автоматты түрде тоқтайды және егер алдағы көлік құралы қысқа уақыт ішінде қозғала бастаса, қайтадан оталады. Біраз уақыттан кейін акселератор басқышын немесе ауыстырып қосқышты басу арқылы қозғалуды бастаңыз.

*Бұл ақпарат жариялау кезінде дұрыс болып табылады. Алайда, Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы өнімді үздіксіз жетілдіру және жақсарту саясатын ұстанатындықтан, ол осы жарияланымда сипатталған модельдердің ерекшеліктерін, түстерін және жиынтықталым элементтерін кез келген уақытта қосымша ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Модельдердің түстері мен жиынтықталымдарының үйлесімі олар нақты болған жағдайда қолжетімді. Өзекті ақпарат алу үшін Hyundai ресми дилерлік орталықтарына хабарласыңыз.

Hyundai туралы көбірек білу

Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.