• Үйге
  • Модельдік қатар
  • IONIQ 5
  • Қауіпсіздігі
  • Power your world IONIQ 5

    IONIQ 5

    100% электрлік кроссовер Қазақстанда!

Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері.

Алдыдан соқтығысудың алдын алу жүйесі (FCA).

Көңіліңіз басқа нәрсеге бөлініп кетсе де, автокөлікті тез тоқтатады. FCA жүйесі Сізге баяулай бастаған немесе тоқтаған көліктер туралы, сондай-ақ Сіздің жолыңыздағы велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер туралы ескертеді және Сіз уақтылы жауап бермесеңіз, тежегіш жүйесінің барлық қуатын автоматты түрде іске қосады.

Соқыр аймақтардағы соқтығысуды болдырмау жүйесі (BCA).

Бұл жүйе тығыз трафикте қозғалу кезінде қауіпсіздікті арттырады. BCA жүйесі сізге ескертеді, сол немесе оң тежегішті автоматты түрде іске қосады және егер сіз көлігіңіздің «соқыр» аймағында басқа көлік табылған сәтте басқа жолаққа ауыса бастасаңыз, рульдік басқаруға араласады.

Артқы жағынан көлденең бағытта қозғалатын көлік құралдарымен соқтығысуды болдырмау жүйесі (RCCA).

Автотұрақтарда қозғалу үшін тамаша көмекші. Шолу мүмкіндігі нашар жерлерде кері қозғалу кезінде бұл жүйе басқа көліктердің бүйірден келе жатқандығы туралы ескертіп қана қоймай, тежегішті автоматты түрде іске қосады.

Артқы жүріспен тұраққа қойған кезде соқтығысуды болдырмау жүйесі (PCA).

Артқы көрініс камерасы немесе артқы ультрадыбыстық датчиктер кедергіні анықтаған кезде, PCA ескерту береді және қажет болған жағдайда тежегіштерді іске қосады.

Қозғалыс жолағын басқару жүйесі (LKA).

Көлікті түзу және тар жолдарда ұстауға көмектеседі. Егер Сіздің көлігіңіз тиісті сигнал бермей қозғалыс жолағынан шыға бастаса, LKA жүйесі визуалды және дыбыстық ескертулер береді және оны орнына қайтару үшін траекторияны рульмен аздап бұрады.

Stop & Go (SCC с S&G) функциясы бар интеллектуалды круиздік бақылау.

Қауіпсіздірек және күйзеліс азырақ. Алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты сақтайды және жылдамдықты белгіленген шекке дейін автоматты түрде төмендетеді немесе жоғарылатады. «Стоп-энд-гоу» режимінде берілген қашықтық сақталады.

Hyundai туралы көбірек білу

Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.