Әртүрлі модельдер, дизайн және технологиялар, спорттық демеушілік, оқиғалар және Hyundai жаңалықтары туралы біліңіз. Өз еліңіздегі Hyundai туралы ақпаратты көбірек алу үшін жергілікті веб-сайтқа кіріңіз.
Автомобильдің жайлылық деңгейі арқасында сіз маңызды отбасылық сәттерді жіберіп алмайсыз. Ақпараттық графикалық дисплей барлық қажетті ақпаратты алдыңғы жел әйнегіне ыңғайлы етіп орналастырады, сымсыз қуаттау құрылғысының болуы смартфоныңызды қуаттауға көмектеседі, ал қондырылған орындықтың көлбеуленуін есте сақтау жүйесі әрбір сапар алдында креслоны реттеу жайлы ойланбауға мүмкіндік береді.
Жақсы оқылатын және оңтайлы орналастырылған, керемет 7 дюймдік цифрлық ақпараттық аспаптар панелі жүргізушіге мынадай жағдайлар туралы хабарлама береді: қауіпсіздікті қамтамасыз етудің белсендірілген функцияларының статусы, жету орнына дейін қалған қашықтық және жанармайдың шығыны, навигация бойынша нұсқаулықтар, сыртқы ортаның температурасы және т. б.
8 дюймдік сенсорлы экранда 3D навигация, мультимедиа және қосылым қызметтері біріккен, соның ішінде Android Auto™ және Apple CarPlay™ қызметтері де бар.
Тамаша көрініске ие жаңа графикалық ақпараттық дисплей сізге жылдамдық, навигациялық бұйырымдар және автокөліктің маңдайша әйнегінде тікелей ескерту сияқты маңызды ақпараттарды көрсете отырып, қауіпсіздікте қалуға көмектеседі.
Орталық консолде орналастырылған сымсыз қуаттау панелі үйлесімді смартфонды сымсыз -ақ оңай қуаттауға мүмкіндік береді.
Жайлылықтың максималды болуы үшін IMS жүргізушінің орындығы көлбеуінің, сыртқы айналардың және графикалық ақпараттық дисплейдің күйлерінің мәндерінің таңдалған 2 нұсқасын жүргізушінің қалайтын режимге жылдам өтуі үшін түймені бір рет басу арқылы есте сақтайды.
Бір рет жанасу арқылы бүктеу функциясы түймені бір рет басу арқылы 2-қатардың орындығын оңай жатқызу мүмкіндігін береді.
Автоның салонында орналасқан артқы креслоның қосалқы тұтқасынан ұстай отырып автокөлікке оп-оңай отырыңыз.
Smart Key зияткерлік кілтінің құрылғының әрекет ету аймағында болғанда жүксалғышты 3 секунд ішінде автоматты түрде ашатын артқы есіктің ақылды жүйесінің көмегімен багажды оңай орналастырыңыз.
Премиум-класты аудио жүйе сіздің отбасыңызбен бірге сүйікті әуендеріңізді тыңдаудан ләззат алуыңыз үшін керемет дыбыс береді.
Бұл функция белгілі нарықтарда өзгеше болуы мүмкін.
Терезелерді қараңғылаудан да тиімді әсерді қалайтындар үшін артқы терезелердегі қол бүйірлік перделер оңашаланудың және күннен қорғанудың қосымша деңгейінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.