Әртүрлі модельдер, дизайн және технологиялар, спорттық демеушілік, оқиғалар және Hyundai жаңалықтары туралы біліңіз. Өз еліңіздегі Hyundai туралы ақпаратты көбірек алу үшін жергілікті веб-сайтқа кіріңіз.
Автомобильді көптеген технологиялармен жабдықтап қана қойсаң, ол қауіпсіздірек болмайды. Santa Fe қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күнделікті көлік жүргізу қаупін интеллектуалды азайтуға арналған. Santa Fe-ге сенуге болады.
Бір жолақтан екінші жолаққа ауысу немесе параллель тұраққа қою кезінде соқыр аймақтарда соқтығысу қаупі болған кезде BCA жүйесі ескерту жасайды және ЖКО алдын алуға көмектесу үшін автоматты түрде көлік жүргізуге араласады.
Жолаушы көліктен шығу үшін есікті ашқан кезде басқа көліктің артқы жақтан жақындағанын анықтаса, SEA ескерту жасайды. Егер мұндай жағдайда жүргізуші «балалар» құлпын өшіруге тырысса, SEA бұған жол бермейді және есіктер жабық күйінде қалады.
BVM автомобильдің артындағы соқыр аймақтардың суреттерін бір жолақтан екінші жолаққа ауысу кезінде қауіпсіздікті арттыруға көмектесетін құрылғылар комбинациясының дисплейіне шығарады.
Santa Fe автомобильдің бағдарлық тұрақтылығын арттыратын және кең салонды қамтамасыз ететін жаңа буын платформасында салынған. Жоғары беріктігі бар ыстық қалыптау болатының қарқынды қолданылуының есебінен жаңа платформа пассивті қауіпсіздіктің едәуір жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.