Before Service

BEFORE SERVICE

img

  • Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы өз клиенттеріне жақын болуға ұмтылады. Сондықтан біз әрқашан сіздердің қауіпсіздіктеріңіз туралы ойлаймыз. Біздің сіздерге деген қамқорлығымыз - жолда көлікпен қауіпсіз қозғалудың кепілі.

    Сіздердің назарларыңызға қалаларыңыздағы барлық Hyundai ресми дилерлік орталықтарында Before Service бағдарламасын ұсынамыз.

    Before Service бағдарламасы келесі процедураларды кедергісіз және қауіпсіз, ең бастысы тегін жүргізуге мүмкіндік береді:
    Автокөлік диагностикасы;
    - Электр жабдықтарын тексеру (жарық, сигнал, шыны тазалағыш, шыны жуғыш);
    - Жұмыс сұйықтықтарының деңгейін тексеру;
    - Дилерлік құрылғымен батареяны тексеру;
    - Тежегіш сұйықтықтағы судың құрамын құрылғымен тексеру;
    - Кондиционердің жұмыс тиімділігін сандық термометрмен тексеру;
    - Шиналарды тексеру;
    - Сканермен диагностикалау;
    қосалқы бөлшектерге 10%, жұмысқа 15% жеңілдік алу (жөндеу науқан өткізілген күні жүргізілген жағдайда);


    Сіздің автокөлігіңіздің бұл диагностикасын жоғары білікті мамандар, техникалық қызмет көрсету және шанақты жөндеу жөніндегі білікті мамандар жүргізетін болады. Автослесірлер мен электриктер әрбір Клиентпен жеке тіл табыса отырып, кезекті рет қызмет көрсетудің жоғары сапасын көрсетеді.

    Before Service бағдарламасы техникалық ақауларды бастапқы кезеңде-ақ болдырмауға, сондай-ақ автокөлігіңіздің диагностикасын жүргізуге, көлік құралының жай-күйін білуге көмектеседі. Бұл қала жолдарында сенімді қозғалуға мүмкіндік береді.

    Ең бастысы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы шеңберінде COVID-19-дың таралуына жол бермеу үшін бұл бағдарлама барлық санитариялық қағидаларды сақтай отырып, ашық ауада жүргізіледі.


    * Бұл бағдарлама ҚР барлық Hyundai ресми дилерлік орталықтарында жүзеге асырылады, қалаңыздың дилерлік орталықтарында диагностикалық процедураларды өткізу күні мен уақытын нақтылауыңызды сұраймыз.

    Сізге деген қамқорлықпен, Сіздің Hyundai!