• Үйге
  • Модельдік қатар
  • The new PALISADE
  • Ерекшеліктері
  • palisade-2022

    PALISADE

Жаңа айқын келбет.

Сәнді және айқын келбетінің арқасында жаңа PALISADE қайда барсаңыз да, бір қарағаннан-ақ назарды өзіне аудартады. Оның дизайны тыныштық сезімін тудырады және сенімділікті арттырады, өйткені Cіз ең заманауи қауіпсіздік технологиялары Cізді және жақындарыңызды қорғай алатынын білесіз.
Кең салоны, орындықтың қолайлы конфигурациясын таңдау мүмкіндігі, сондай-ақ озық қосылу технологиялары PALISADE-ты отбасылық демалыс үшін тамаша модельге айналдырады.

The bold new look

Сәнді сыртқы келбеті.

Hyundai маркасының флагмандық SUV болып табылатын PALISADE жолдардың патшасы болу үшін дүниеге келген және көшбасшылық қасиеттерін паш етеді. Бір уақытта спорттық және әдемі болып келетін бұл автокөлік керемет сыртқы келбет пен назардан тыс қалмайтын керемет мүмкіндіктерді біріктіреді.

Premium presence

Жаңа деңгейдегі технологиялар.

PALISADE-пен Сіз әрқашан келесі сапарды күтетін боласыз. Оның қуатты күштік қондырғысы тыныш жұмысымен және жылдам реакциясымен ерекшеленеді, соның арқасында көлікті басқару керемет ләззат сыйлайды.
PALISADE Сізді күтпеген жағдайларда қорғауға қабілетті заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған, соның арқасында Сіз абсолютті тыныштық пен сенімділік сезімінен ләззат ала аласыз.

Next level technology

Отбасылық құндылықтар.

Отбасымен өткізетін уақытқа баға жетпейді. PALISADE адам саны әркелкі отбасылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын керемет кең салонның арқасында бұл уақытты мүмкіндігінше тиімді пайдалануға көмектеседі. Ол орындықтардың әртүрлі конфигурацияларын және көптеген зат сақтау бөлімшелерін таңдау мүмкіндігінің арқасында бұрынғыдан да әмбебап болды. Автокөлікте қанша ересек жолаушылар, балалар мен багаж болса да, отбасылық PALISADE Сізге жайлылық сыйлап, баратын жеріңізге жеткізе алады.

Family values

Галерея

* Бұл ақпарат жариялау сәтінде дұрыс болып табылады. Алайда, Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы өнімді үздіксіз жетілдіру және жақсарту саясатын ұстанатындықтан, ол осы жарияланымда сипатталған модельдердің ерекшеліктерін, түстерін және жиынтықталым элементтерін кез келген уақытта қосымша ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Модельдердің түстері мен жиынтықталымдарының үйлесімі олар нақты болған жағдайда қолжетімді. Өзекті ақпарат алу үшін Hyundai ресми дилерлік орталықтарына хабарласыңыз.

Hyundai туралы көбірек білу

Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.