The new PALISADE Safety | SUV - Hyundai GT

  • Үйге
  • Модельдік қатар
  • The new PALISADE
  • Қауіпсіздігі
  • PALISADE safety key visual

    Жаңа PALISADE

Hyundai SmartSense

  • Hyundai SmartSense арқасында жүргізушіге көмек көрсетудің заманауи жүйелері көлік жүргізуді бұрынғыдан да қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Алдыдан соқтығысудың алдын алу жүйесі (FCA)

  • Егер алда келе жатқан көлік кенеттен жүрісін баяулата бастаса немесе, мысалы, алдаңызда тоқтаған көлікпен, жаяу жүргіншімен немесе велосипедшімен соқтығысу қаупі байқалса, жүйе жүргізушіні екертеді. Егер ескертуден кейін соқтығысу қаупі сақталса немесе жоғарыласа, жүйе автоматты түрде төтенше тежеуді қолданады.

Ақылды круиздік бақылау (SCC)

  • Интеллектуалды круиздік бақылау алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты сақтауға және жүргізуші белгілеген жылдамдықпен жүруге көмектеседі.

Қозғалыс жолағында ұстау жүйесі (LFA)

  • Қозғалыс жолағында ұстау жүйесі жүргізушіге көлікті өзі келе жатқан жолақтың ортасында ұстауға көмектеседі.

Артқы жүріспен тұраққа қойған кезде соқтығысуды болдырмау жүйесі (PCСA)

  • Егер артқы жүріспен қозғалған кезде қарсы келе жатқан көлікпен сол жақтан немесе оң жақтан соқтығысу қаупі болса, ескерту беріледі. Ескертуден кейін, егер соқтығысу қаупі артса, ол автоматты түрде төтенше тежеуге көмектеседі.

Қауіпсіздік

PALISADE моделіне орнатылған жүргізушілерге көмек көрсетудің жетілдірілген жүйелерінің кешені Сізді және жақындарыңызды қорғау үшін жаңа, одан да қуатты функциялармен толықтырылған. Қайталама соқтығысуды болдырмау үшін төтенше тежеу жүйесі бірінші соқтығысудан кейін ықтимал соққылардың алдын алу үшін көліктің жылдамдығын төмендетеді, ал артқы орындықтарда жолаушылардың болуы туралы ескерту функциясы отбасыңыздың кіші мүшелерінің межелі жерге аман-есен жетуін қамтамасыз етеді. Қараңғы уақытта артқы жүріспен қозғалғанда жаяу жүргіншілерді ескертетін бағыттаушы шамдар жанады.

Safety

7 қауіпсіздік көпшігі

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушыны қорғауға арналған алдыңғы көпшіктер, алдыңғы бүйірлік қауіпсіздік көпшіктері, жүргізушінің тізесіне арналған қауіпсіздік көпшіктері және аударылған жағдайда қорғауға арналған қауіпсіздік пердешелері.

7 Airbag system

Hyundai туралы көбірек білу

Жоғарыда көрсетілген суреттер, қозғалтқыштың сипаттамалары және ақпараттар өңірге байланысты өзгеше болуы мүмкін. Барлық ақпарат пен иллюстрациялар жарияланым кезінде қолжетімді болған деректерге негізделген, олар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін өңірлік веб-сайтқа немесе дилердің сайтына кіріңіз.